Accessibility links

Конституциялық кеңес Назарбаев сауалына жауап берді


Конституциялық кеңес мүшелері Назарбаев сауалына жауап беріп отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл.
Конституциялық кеңес мүшелері Назарбаев сауалына жауап беріп отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл.

15 ақпанда Қазақстан Конституциялық кеңесі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілеті туралы сұрағына жауап берді.

4 ақпанда Назарбаев Конституциялық кеңестен Конституциядағы "президент өкілетінің тоқтауы туралы 42-бабы 3-тармағын түсіндіруді" сұраған.

Конституцияның бұл тармағында "президент өкілеттігі жаңадан сайланған ел президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы президенттерінің бәрі, қызметінен кетірілгендерден басқасы, Қазақстанның экс-президенті деген атағы болады" деп жазылған.

Конституциялық кеңес "аталған нормада президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес" деп түсіндірді. Кеңестің пайымдауынша, "негізгі заңнан мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды".

Конституциялық кеңес таратқан хабарламада: "Конституцияның 42-бабы 3-тармағындағы "сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған...жағдайда..." деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды" деп жазылған.

4 ақпанда Назарбаев Конституциялық кеңестен Конституциядағы "президент өкілетінің тоқтауы туралы 42-бабы 3-тармағын түсіндіруді" сұрағаннан кейін мәлімдеме жасаған. Ол Конституциялық кеңеске сұрақ қою әдеткі жағдай екенін айтқан.

"Қазір бәрін де сайлау, транзит мәселесі қызықтырып отыр. Бұл туралы шулаудың қажеті жоқ. Конституция бойынша президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас" деген Назарбаев өз мәлімдемесінде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG