Accessibility links

Назарбаев президент өкілеті туралы неге сұрады?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия-Еуропа елдерінің мәжілісінде. Брюссель. 18 қазан, 2018 жыл
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия-Еуропа елдерінің мәжілісінде. Брюссель. 18 қазан, 2018 жыл

Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңестен президент өкілетіне байланысты сұрау салуын сарапшылар әртүрлі бағалайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңеске сауалы түрлі болжамдарға жетеледі. Сарапшылардың кейбірі «бұл сауал кезектен тыс өтетін сайлаудың белгісі» десе, кейбірі өзі білетін жауапты өзгеден сұрау - нонсенс» дейді

«КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУДЫҢ БЕЛГІСІ»

Ақпанның 4-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестен Конституциядағы «президент өкілетінің тоқтауы туралы 42-бабы 3-тармағын түсіндіруді» сұраған.

Конституцияның бұл тармағында «президент өкілеттігі жаңадан сайланған ел президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы президенттерінің бәрі, қызметінен кетірілгендерден басқасы, Қазақстанның экс-президенті деген атағы болады» деп жазылған.

Конституциялық кеңес заң бойынша өтінішті түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын, шұғыл қаралуы керек болса, кеңес президенттің талап етуі бойынша өтінішке он күнде жауап қайтарады.

Қазақстан Конституциясының Астананың шетінде тұрған ескерткіші. 21 қазан 2009 жыл
Қазақстан Конституциясының Астананың шетінде тұрған ескерткіші. 21 қазан 2009 жыл

Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңеске жолдаған сауалы баспасөзде жарияланысымен түрлі жорамалдар пайда болды. Соның ішінде «кезектен тыс сайлау өтуі мүмкін» деген болжамдар көбейді. Азаттық тілшісі сөйлескен саяси сарапшылар оның бірнеше саяси астары бар деп санайды.

Осыған дейін Азаттыққа «2019 жылы кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін» екенін бірнеше рет айтқан бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев «президенттің сауалы кезектен тыс сайлаудың тағы бір белгісі» деп санайды.

- Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы сұқбатында президент сайлауы 2020 жылдың желтоқсан айында болады деген. Ал Конституция бойынша президент бес жыл мерзімге сайланады және сайлау желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өтеді. Соңғы президент сайлауы 2015 жылдың сәуірінде өтті. Ендігі сайлау 2020 жылы желтоқсан айында өтсе, онда президент өз қызметінде сегіз ай артық, яғни сегіз ай заңсыз отырған болып шығады. Сондықтан сайлау биыл, 2019 жылы желтоқсан айында өтіп, президент 2020 жылы сәуір айынан бастап іске кірісуі тиіс. Меніңше, Конституциялық кеңестен осы мәселені нақтылап алуды сұрап отыр,- дейді ол.

Қазбек Бейсебаев
Қазбек Бейсебаев

Қазбек Бейсебаев президенттің сұрауын биыл ақпанның 27-сінде өтетін «Нұр Отан» партясының съезімен де байланыстырып отыр. Сарапшы президенттің бұл әрекетін съезд алдындағы дайындық деп есептейді.

Қазбек Бейсебаевтың сөзінше «Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі сайлауға қатысатыны немесе қатыспайтыны осы съезде жариялануы» мүмкін.

- Бұл сұраудың нәтижесі қандай болса да бір жайт анық байқалады. Өз өкілеттігінің қашан аяқталатынын сұраудың өзі - Назарбаев дәуірінің аяқталғанын көрсетті,- дейді Қазбек Бейсебаев.

Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының директоры Толғанай Үмбетәлиева «Назарбаевтың өзі президент сайлауы мерзімінде өтеді дегеніне қарамастан қазіргі кезде кезектен тыс президент сайлауын биыл өткізудің барлық белгісі бар» деп есептейді.

Толғанай Үмбетәлиева
Толғанай Үмбетәлиева

- Менің ойымша, президент элитаның ішінде талқыланып жатқан кей мәселені жария түрде шешіп алғысы келетін тәрізді. Саяси элитаның ішіндегі бейресми қатынастардың рөлі жоғары екенін ескерсек, осындай сұрақ арқылы қандай да бір шешімді көпшілік алдында шешіп алу керек болғанға ұқсайды. Бұл мәселені көпке жарияламай-ақ та шешуге болар еді. Меніңше президент кулуардағы келісімдерге жол бермейтінін, барлығы құқықтық нормалар бойынша жүзеге асатынын көрсетіп, бұл мәселеге нүкте қойғысы келген болар,- дейді ол Азаттыққа.

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕН СҰРАУ - НОНСЕНС»

Саясаткер Әміржан Қосанов болса президенттің сұрауы кезекті ойын деп санайды. Оның пікірінше президенттің өзіне бағынышты Конституциялық кеңеске сұрау салуы – саяси мимикрия.

- Егер ол дербес шешім қабылдайтын тәуелсіз конституциялық сот болса, онда мәселе басқа. Қазіргі Конституциялық кеңес президент қалай айтса, солай шешім қабылдайтыны белгілі. Сондықтан бұл сұрақ – нонсенс,- дейді ол.

Әміржан Қосановтың пікірінше «президент сұрауының» астарынан үш мәселе байқалады. «Біріншісі, биологиялық себеп - президенттің денсаулығына, жасына байланысты. Екіншісі, кланаралық тартыстың ушығып, президентке бағынбай бара жатқандығында. Жаппай жемқорлық пен әлеуметтік, экономикалық проблемалардың көбеюі, елдің әр тұсындағы трагедиялық жағдайлардың саяси астар ала бастауы да осындай шешім қабылдауға әсер етеді. Үшінші мәселе, Қазақстандағы билік форматын бақылап отырған Ресейдің ықпалы байқалады».

Әміржан Қосанов «президенттің сұрауы» кезектен тыс сайлаудың айқын белгісі деп есептемейді.

Әміржан Қосанов
Әміржан Қосанов

- Қазақстан билігі орнықтырған қазіргідей жағдайда бәрі де мүмкін. Президент бұл сұрақты кезектен тыс сайлау өткізу үшін де, өткізбеу үшін де пайдалана алады,- дейді ол.

Кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін дейтін сарапшылар, оны биыл ақпанның 27-сіне өтеді деп жарияланған «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезімен де байланыстырады. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейінгі сайлаулар алдында «президент сайлауына қатысатыны жайлы» «Нұр Отан» партиясының съезінде хабарлап келген болатын.

Кейбір саяси болжамдарға қарағанда Нұрсұлтан Назарбаев мұнан кейін президент сайлауына қатыспай, Конституцияда көрсетілген «Тұңғыш президент - Елбасы» статусын пайдалануына да болады. Конституцияға «Тұңғыш президент - Елбасы» ұғымы енгізілгеннен бастап, оның статусы жайлы бірнеше рет жетілдіріліп, қосымша өкілеттіктер берілген. Нұрсұлтан Назарбаев «Тұңғыш президент - Елбасы» статусымен Қазақстан қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқара алады. Ал қауіпсіздік кеңесінің құрамына келесі президент те, премьер-министр де кіреді.

Назарбаевтың биліктегі 30 жылы

1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.

Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
1/29 1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.

Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
2/29 1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.

Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
3/29 1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.

Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.

Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
4/29 Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.

Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды.

Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
5/29 Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды.

Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды.

Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
6/29 Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды.

Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті.

Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
7/29 Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті.

Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
8/29 2005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.
9/29 2005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.

Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
10/29 Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.

Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
11/29 Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев Көкшетау аймағында жүр. 2000 жылдар.
12/29 Назарбаев Көкшетау аймағында жүр. 2000 жылдар.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.

Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
13/29 Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.

Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
1995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған.

Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
14/29 1995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған.

Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
15/29 Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.

Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
16/29 2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.

Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен сәт. 2005 жыл.
17/29 Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен сәт. 2005 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады.

Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
18/29 Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады.

Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған.

Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
19/29 Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған.

Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанмен бірге бірқатар шет мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған мүсін-ескерткіштер орнатылған.

Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
20/29 Қазақстанмен бірге бірқатар шет мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған мүсін-ескерткіштер орнатылған.

Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды.

Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
21/29 Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды.

Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді.

«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
22/29 2011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді.

«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
"Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
23/29 "Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шарасында. Алматы, 2015 жыл.
24/29 Назарбаев президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шарасында. Алматы, 2015 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
25/29 2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты.

Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған.&nbsp
26/29 2016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты.

Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев Бірлік күні мерекесінде жүр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
27/29 Назарбаев Бірлік күні мерекесінде жүр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады.
28/29 2017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
29/29 2019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Previous slide
Next slide

78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Совет дәуірінен бері 30 жылға жуық басқарып келеді. Ол ресми мәлімет бойынша 2015 жылғы президент сайлауында 97 пайыз дауыс алып, бесінші рет сайланған.

2018 жылы ол қазақстандық журналистерге берген сұхбатында «Қазақстанда кезектен тыс сайлау жоспарланбағанын» айтқан. Ал былтыр Финляндияға барған сапарында «алдағы президент сайлауына қатысу-қатыспайтыны туралы кейін жариялайтынын, 2020 жылға дейін әлі уақыт барын» айтқан.

P.S. Мақала жарияланғаннан кейін президент Назарбаев не себепті Конституциялық кеңеске өтініш білдіргенін орыс тілінде түсіндірді. Президенттің айтуынша, Конституциялық кеңеске жүгіну - мемлекет үшін әдеткі мәселе. 1995 жылы Конституция қабылданғаннан бері Конституциялық кеңеске 220 өтініш түскен. Оның ішінде 22 өтініш президент тарапынан берілген. Заң бойынша Конституциялық кеңес Конституция мен заңдардағы олқы тұстарды түсіндіріп беруге құқылы. "Бұл да сондай кезекті әдеткі жағдай" деп қайталаған Назарбаев өзінен Конституцияда президентті алмастыру жолдары айқындалмағанын сұрайтындар бар екенін айтты. "Бәлкім, мен қызметті тастап отставкаға кетуім керек шығар, бірақ бұл айқындалмаған. Мен Конституциялық кеңестен осыны түсіндіріп беруін сұрадым" дейді президент Назарбаев. Президенттің айтуынша, мұндай мәселе әлем елдері конституцияларында бар. "Қазір бәрін де сайлау, транзит мәселесі қызықтырып отыр. Бұл туралы шулаудың қажеті жоқ" деген Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияны және президент туралы заңды оқуды ұсынған. "Конституция бойынша президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас" деп екіұшты пікір білдірген Қазақстан басшысы.

Айдар
XS
SM
MD
LG