Accessibility links

Назарбаевтың биліктегі 30 жылы

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ ССР-інде алғаш рет президент қызметі енгізілді. Жоғары Кеңес бұл қызметке сол кезде республика компартиясын басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда елде алғаш рет жалпыхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен президент сайлауында жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Содан бері ол бұл қызметке тағы төрт мәрте сайланды. Ол сайлаулардың барлығы мерзімінен бұрын өтті. Қазақстанды 1989 жылдан бастап отыз жылға жуық үздіксіз басқарған Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда халыққа биліктен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.


Тағы

16x9 Image

Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

Ұқсас

XS
SM
MD
LG