Accessibility links

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар Женевада есеп бермек


Заңгер Бахтияр Ғалымжанов, "Қазақстанда парламентизмді дамыту қорының" жетекшісі Зәуреш Батталова және "Сорос" қорының бағдарлама координаторы Бота Аязбаева (солдан оңға қарай) баяндаманы талқылауға қатысып отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл.
Заңгер Бахтияр Ғалымжанов, "Қазақстанда парламентизмді дамыту қорының" жетекшісі Зәуреш Батталова және "Сорос" қорының бағдарлама координаторы Бота Аязбаева (солдан оңға қарай) баяндаманы талқылауға қатысып отыр. Астана, 15 ақпан 2019 жыл.

Астанада 15 ақпанда "Қазақстанда парламентизмді дамыту қоры" "Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы" атты үкіметтік емес ұйымдардың альтернативті баяндамасын таныстарды.

Қор бұл баяндаманы Женевада 27-28 ақпанда өтетін БҰҰ-ның 65-сессиясында оқымақ.

Қордың жетекшісі Зәуреш Батталованың сөзінше, Женевада Қазақстандағы әлеуметтік мәселелер, үлескерлердің жағдайы, баспана мәселесі айтылмақ.

- Ақпанның басындағы бес баланың қазасына әкелген Астанадағы уақытша баспанадағы өрт пен баспана сұрап жүрген көп балалы аналардың наразылығы бұрын бықсып жатқан отты қайта тұтатты. Мен 2006 жылдан баспана мәселесімен айналысқандықтан оның салдары неден шыққанын жақсы білемін. Біз екі банядама жасаймыз. Оның бірі экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы жалпы мәселелерге, екіншісі әйелдер мен балалардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарының сақталуына арналған баяндама болады. Қазақстан қоғамындағы соңғы жағдайларды талдап көрсетеміз, -деді Зәуреш Батталова.

"Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының" Женевада оқылатын альтернативті баяндамасының зерттеулері "Сорос "қорының қолдауымен жүргізілген.

"Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакті" - адам құқықтары жөніндегі БҰҰ -ның негізгі халықаралық құжаты. Халықаралық пактіні Қазақстан 2006 жылы қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG