Accessibility links

Шымкентте 300-ге жуық ана кездесуге әкімнің келуін талап етті


Шымкентте қала әкімімен кездесу үшін көп балалы аналар әкімдік ғимаратына жиналып жатыр. 16 ақпан 2019 жыл

Шымкентте шамамен 300-ге жуық ана қала әкімімен кездесу үшін жергілікті әкімдік ғимаратына жиналды деп хабарлайды Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі.

Кеше тұрғындарға есеп беру кезінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп балалы аналармен 16 ақпан таңертеңгі сағат 11-де кездесетінін хабарлаған еді. Алайда бүгінгі кездесуге әкім келмеген.

Оларды қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова және өзге де шенеуніктер қарсы алған. Бірақ жиналған топ бұған наразылық танытып, әкімнің келуін талап еткен.

Видеосын көріңіз: Шымкенттегі аналардың шағымы (16.02.2019 жыл)

Жұрт алдында сөйлеген әкімнің орынбасары Гүлжан Құрманалиева көп балалы аналарға шағымдарын жазбаша түрде жеткізулерін сұраған. Бірақ аналар келіспеген.

Кездесуде әлеуметтік жағдайына шағымданған аналар "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарынан пайда жоқ, мемлекетке қайтарып береміз" деп айтқан.

Кездесу әкімдік ғимаратының залында өтіп жатыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG