Accessibility links

Ақтау соты  Қуаныш Башпаевтың шағымын қанағаттандырмады


Ақтау қалалық соты 2017 жылы діни алауыздықты қоздырды деп айыпталып, 4 жарым жылға сотталған павлодарлық Қуаныш Бешпаевтың шартты түрде мерзімінен босатуды сұрап жазған арызын қанағаттандырмады. Сот 19 ақпанда өтті.

Башпаевтың адвокаты Айман Омарованың Азаттыққа айтуынша, істі қараған судья Марет Ковраева Қылмыстық кодекстің 72-бабының 1- тармағына сілтеме жасаған.

- Қылмыстық кодексте "діни алауыздық тудырды" деген баппен сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын боcтандыққа шығуы үшін "террористік немесе экстремистік топтардың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдесуі" тиіс деген шарт қойылған. Егер ол арнайы камерада жалғыз өзі отырса, қалай ол террористік-экстремистік топтарды әшкерелеуге қатыса алады? Ал жазасы одан кем емес қылмыспен отырғандар шартты түрде бостандыққа шыға алады. Мұны адам құқығын бұзушылық, заңдағы дискриминация деп бағалауға болады, - дейді Айман Омарова.

Қорғаушы сот шешімі күшіне енген соң қайта апелляциялық шағым беретінін айтады.

32 жастағы Қуаныш Башпаев сотқа жазған шағымында түрмеде денсаулығының күрт нашарлағанын, жаза мерзімінің жартысын өтегенін, бір айыппұлды төлегенін және СПИД-ке қарсы іс шарада белсенділік танытқаны үшін алған марапаты бар екенін көрсеткен. Оның алты баласы бар. Кенжесі - екі жаста.

Cауд Арабиясының Медина қаласындағы ислам университетінің магистранты Қуаныш Башпаевты сотқа тартуға "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде жарияланған аудиолары негіз болған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің айыптау актісінда желідегі аудио жазбаларда "діни алауыздық белгілері болуы мүмкін" екені жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG