Accessibility links

Қытайлар туралы әзіл айтқан Познер кешірім сұрады


Журналист Владимир Познер.
Журналист Владимир Познер.

Ресейлік журналист Владимир Познер Бірінші арнадағы "Ең-ең-ең"("Самые-самые-самые") бағдарламасында айтқан қытайлар туралы әзілі үшін кешірім сұрады.

Йоулупукки резиденциясына барған сапары жайлы репортажда журналист "Резиденция маңындағы ауылдарда қытай көп" дейді де, артынша көзін нұсқап, "Сықсиып кетпеді ме?" деп күледі. Көрерменнің біріне бұл әзіл қорлау көрініп, баспасөзге шағымдану бойынша қоғамдық коллегияға хабарласқан.

Шағым түсірген архитектор Туяна Басанова өзін "Сібір халқының азиат өкілі" деп таныстырған. Өзін Познердің әзілі мен ишарасы "қорлағанын" айтқан ол "мұндайға федералдық арнада жол берілмеуі тиіс" деп санайды.

Басанованың ойынша, 84 жастағы жүргізуші осы әзілімен өзінің "басқа нәсілге ксенофоб екенін" көрсеткен. "Қытайлардың арасында біраз жүрген адамның көзі сықсиып кетеді екен ғой, демек, иә?" деп жазады Басанова.

19 ақпанда коллегия Басанованың шағымын қарады. Жиында Познер өз әрекетін "өте сәтсіз әзіл" деп атаған.

"Шын мәнінде Басанованың реакциясын жақсы түсінемін, әзілім қорлағанын да білемін. Кешірім сұраймын. Ешқандай да расист емеспін. Бұл – жай ғана әзіл. Ақымақтық болды" деді Познер.

Шағым авторы Туяна Басанова Познердің кешірімін қабылдап, "Жүргізуші бұл позициясын телеарна эфирінде де білдіреді деп үміттенетінін" жазды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG