Accessibility links

Ресейде "Иегова куәгерлері" тергеушілердің "азаптағанын" айтты


"Иегова куәгерлері" діни қауымы өкілдері құлшылық етіп тұр. Мәскеу, 2014 жыл.
"Иегова куәгерлері" діни қауымы өкілдері құлшылық етіп тұр. Мәскеу, 2014 жыл.

Ханты-Мансий автономды округінде 15 ақпанда ұсталған "Иегова куәгерлері" діни қауымының жеті жақтаушысы тергеу комитеті өздерін "азаптағанын" айтып шағымданды.

Ұсталғандардың сөзінше, оларды "тергеушілер шешіндіріп, байлап, үстеріне су қойып, тоқпен азаптап, естерінен танғанша тұншықтырған". Олар "бірнеше сағатқа созылған азаптау кезінде тергеушілер діни ұйым мүшелерінің жиналысы қайда өтетінін, жиналысқа келетіндердің аты-жөнін сұрағанын" айтады.

"Иегова куәгерлері" діни қауымының үш жақтаушысы қазір тергеу абақтысында отыр. Босап шыққандар жарақатын көрсетіп, бақылаушы органдарға шағым түсірген.

2017 жылы тамызда Ресей "Иегова куәгерлерін" тыйым салынған ұйымдар тізіміне қосқан.

Иегова куәгерлерінің іс-әрекетін "экстремистік" деп жариялауға сот негіз қылған жалғыз нәрсе – бұған дейін ресейлік соттар тыйым салған діни әдебиетті таратуы. Бірақ ол тыйымдар "кез-келген діни ұйымның табиғи қасиеті саналатыны тәрізді Иегова куәгерлерінің де өз діни сенімінің дұрыстығына деген кәміл сенетіндігіне байланысты оларға діни алауыздықты өршіту айыбын таңуға негізделген" деп санайды "Мемориал".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG