Accessibility links

Жаңаөзенде 16 адам әкімшілік қамауға алынған


Жаңаөзен тұрғындары қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі орналасқан "Неке сарайы" ғимаратының маңына жиналып тұр. 24 акпан 2019 жыл.

23-25 ақпан аралығында Жаңаөзенде "қоғамдық тәртіпті бұзды" деген айыппен 16 азамат 5-тен 7 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, ол адамдар "қоғамдық орындарды ластады, былапыт сөйлегені" үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Бұған қоса прокуратура Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанында "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық алауыздықты қоздыруға бағытталған сөздер айтқан" тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады. Қылмыстық кодексте ондай айыбы дәлелденген адамға 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалатыны жазылған.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық полиция департаменті Жаңаөзенде биліктен жұмыс беруді талап еткен тұрғындардың кейбірін әкімшілік жазаға тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Соңғы аптада Жаңаөзен қаласында ондаған адам наразылық білдіріп, биліктен жалақысы жақсы жұмыс тауып беруді талап еткен. Олармен кездесуге Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов барған. 27 ақпанда Жаңаөзенге хабар таратуға барған Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Санат Нұрбековті полиция ұстады.

Прокурор мен жұмыссыздардың кездесуі. Жаңаөзен, 25 ақпан 2019 жыл.

Жаңаөзендік наразы жұмыссыздарға прокурор келді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Дариға Назарбаеваның көлік жүргізушісі" Нахиби кім?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
XS
SM
MD
LG