Accessibility links

Астанада жарылған ғимараттағы үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды


Газ баллоны жарылған ғимарат маңы. Астана 15 наурыз, 2019 жыл. (Сурет төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен алынды).
Газ баллоны жарылған ғимарат маңы. Астана 15 наурыз, 2019 жыл. (Сурет төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен алынды).

Астанада жарылыстан қираған "МолПродуктсервис" кәсіпорны ғимаратында үйінді астынан бір әйелдің мәйіті табылған. Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауынша, іздеу-құтқару қызметінің мамандары мәйітті 16 наурызда түнгі сағат бірден кете тапқан.

15 наурыз кешкісін Астана қаласында "МолПродуктсервис" компаниясының екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шеккені хабарланған. Олар ауруханаға жеткізілген.

Ал бүгін үйінді астында бір адамның қалғаны белгілі болды. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жарылыстан көз жұмған жас қыз кәсіпорында есепші болып жұмыс істеген.

Оқиға орнына кеше, 15 наурызда Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, төтенше жағдай жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов барған. Құтқару және апат салдарын жою жұмыстарына 22 маман және алты өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG