Accessibility links

Математикадан Абель сыйлығын алғаш рет әйел ғалым алды


Профессор Карен Уленбек. 18 наурыз 2019 жыл.

Норвегия ғылым академиясы математикадан Абель сыйлығын АҚШ профессоры Карен Уленбекке беруді ұйғарды. Ғалым геометриялық талдау және жазықтықтың калибрлі теориясы бойынша жұмысы үшін марапатталды. Уленбек бұл сыйлықты алған алғашқы әйел.

Норвегия ғылым академиясы америкалық ғалымның жұмыстары соңғы 40 жылда геометрияға, математикалық талдау мен математикалық физикаға зор ықпал еткенін атап өткен.

Карен Уленбек – Остиндегі Техас университетінің математика кафедрасының профессоры. Оны заманауи геометриялық талдаудың негізін қалаушы деп те атайды.

2003 жылдан бері үздік математиктерге берілетін сыйлық норвегиялық математик Нильс Хенрик Абельдің құрметіне тағайындалған. Бұл математик ғалымдарға берілетін беделді сыйлықтардың бірі. Оның ақшалай көлемі алты миллион швед кронын (750 мың долларға жуық) құрайды. Сыйлықты тапсыру рәсімі 21 мамырда Осло қаласында өтеді. Абель сыйлығын Нобель сыйлығымен де салыстырады. Нобель сыйлығы математика саласы бойынша берілмейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG