Accessibility links

Жээнбеков: Назарбаев - әлемдік деңгейдегі реформатор


Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Сооронбай Жээнбеков. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Сооронбай Жээнбеков. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.

Сейсенбі күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков наурыздың 20-сынан бастап Қазақстан президенті өкілетін тоқтататынын мәлімдеген Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жээнбеков Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне Назарбаевтың қосқан үлесін атап өтті делінген ақпаратта.

"Ол [Жээнбеков] Нұрсұлтан Назарбаевтың заманымыздың көрнекті саяси және мемлекет қайраткері, реформатор, аймақтағы интеграциялық процестердің архитекторы, ұлттық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға екенін айтты" деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

Жээнбековтің пікірінше, Назарбаев Қырғызстан мен Қазақстанның одақтас, стратегиялық әріптес әрі тату көрші елдер ретінде қарым-қатынасын дамыту және нығайтуда ерекше рөл атқарған.

Жээнбеков Назарбаевқа "барлық жақсылық және ұзақ ғұмыр тілейтінін" айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда орталық телеарналар арқылы халыққа үндеу жасап, Қазақстан президенті өкілетін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Назарбаев жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілеті Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшетінін айтты. Тоқаев 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG