Accessibility links

Сұлтанов: Тұрғындардан Астана атауын өзгертуді қолдаған хаттар келіп жатыр


Астана, 20 наурыз 2019 жыл.
Астана, 20 наурыз 2019 жыл.

20 наурызда Астана қаласының мәслихаты кезектен тыс сессия өткізіп, қала атауын "Нұрсұлтан" деп өзгерту ұсынысын қолдады. Енді мәслихат шешімі республикалық ономастика комиссиясына беріледі.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған.

Астана мәслихаты жиынында қала әкімі Бақыт Сұлтанов Тоқаевтың ұсынысын толық қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, қала әкімдігіне тұрғындар мен еңбек ұжымдарынан бұл ұсынысты қолдаған хаттар келіп жатыр.

Мәслихат депутаты Зәуре Жүсіпова қала атауын дефис арқылы - "Нұр-Сұлтан" деп жазуды ұсынды.

Ал интернетте 20 наурызда қала атауын өзгертуге қарсы екі петиция жарияланғды. Петиция шыққан сайттарға Қазақстаннан кіру қиындаған.

Бір петицияға дауыс бергендердің саны 29 мыңнан асты. Екінші петиция Қазақстан аумағында ашылмай тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG