Accessibility links

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын маусымнан бастап өсіруді тапсырды


Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке айлығы төмен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын биыл 1 маусымнан бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы 22 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

"Бұл шешім 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметкерлердің тұрмысына әсер етеді" деп жазған Тоқаев.

27 ақпанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезекті 18-съезінде шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған еді.


5 наурызда Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Назарбаевтың тапсырмасына сай мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер мен мәдени сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдіктерінде істейтін қызметкерлердің айлығы 25 пайызға өсетінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG