Accessibility links

Шекарасыз тілшілер: Қазақстан билігі журналистерді қудалауды тоқтатуы тиіс


Азаттықтың түсірілім тобына кедергі келтіріп жатқан адам. Алматы, 22 наурыз 2019 жыл.
Азаттықтың түсірілім тобына кедергі келтіріп жатқан адам. Алматы, 22 наурыз 2019 жыл.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін журналистердің жұмысына кедергі келтіруді тоқтатуға шақырды.

Ұйым Twitter парақшасында "Қазақстан билігі журналистердң жұмысын атқаруға кедергі келтіруді, қудалауды тоқтатуы тиіс" деп жазды.

22 наурызда Астана мен Алматыда полиция ондаған адамды ұстады. Екі қаладағы оқиғаны түсіруге барған Азаттық және "Настоящее время" тілшілеріне сол маңда жүрген белгісіз адамдар кедергі келтірген.

Астанада Азаттықтың түсірілім тобының камерасын көлегейлеген жас адамдардың бірі "әкімдіктің тапсырмасы" жайлы айтып қалды. Өзін "студентпін" деп таныстырған жас камераның алдына тұрып алып, ҚДТ (Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы - ред.) шарасын емес, өздерін түсіруді сұрады. Журналистер сол маңда жүрген полицияға шағымданғанымен, олар шара қолданбады.

Астанада "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкованы полиция ұстап алып кетті. Полиция Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенге "Глушкованың үстіненбір әйел шағым түсіргенін" айтты, бірақ шағым түсірген адамның атын атамады. Кейін Глушкованың босатылғаны хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG