Accessibility links

Қырғызстанда Бішкекті Манас деп өзгерту туралы ұсыныс айтылды


Бішкектегі орталық алаң. Көрнекі сурет.
Бішкектегі орталық алаң. Көрнекі сурет.

Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Эмилбек Каптагаев Бішкек қаласының атын Манас деп өзгерту туралы ұсыныс айтты. Оның пікірінше, Бішкек деп қаладағы ауданның атын қалдырса жеткілікті.

"Бәленбай жыл өткеннен кейін қандай да бір дәме пайда болмас үшін бәлкім, бізге қаланы әзірден-ақ Манас деп өзгерткен дұрыс шығар? Бұл барлық жағынан әділ болар еді... Қаладағы Свердлов ауданын Бішкек деп атаған дұрыс шығар, себебі Пішпек басқармасы (неге екені белгісіз, қазір "Ұста қамалы" деп айтылып жүр - Э.К.) дәл сол жерде орналасқан ғой және Бішкек халқы да сонда шоғырланса керек...Ал Бішкек батырдың тарихта болғаны даулы күйінде қалып отыр, себебі ол туралы аңыздан басқа бірде-бір тарихи құжат жоқ" деп жазған ол Facebook-тағы парақшасында.

Оның бұл ұсынысын әлеуметтік желіде кейбір азаматтар қолдап, кейбірі қарсы болған.

Каптағаевтың бұл ұсынысы Қазақстан астанасының атауы өзгерген шақта айтылып отыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурыз, сенбі күні Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа қол қойған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қызметіне кірісе сала Конституциядағы қайшылық көрінді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG