Қазақстанның әділет министрлігі құжаттарда астананың бұрынғы атауын көрсету жарамсыз болып есептелмейтінін хабарлады.
"Астана атауының өзгеруі азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін келесі құжаттарды – сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау шарты, пайдалануға қабылдау актілері және басқа да құжаттарды, сонымен бірге, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды - туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу туралы куәлік және тағы да басқа құжаттарды ауыстыру міндетін жүктемейді" делінген министрлік хабарламасында.
Хабарламада әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Cұлтан қаласына автоматты түрде өзгертілетіні жазылған.
23 наурызда Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа қол қойды.
ПІКІРЛЕР