Accessibility links

Экологияға залал келтірген АМТ компаниясы бір миллиард теңгеден аса айыппұл төледі


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы метталургия комбинатының мұржалары. Қарағанды облысы, 10 қаңтар 2018 жыл.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы метталургия комбинатының мұржалары. Қарағанды облысы, 10 қаңтар 2018 жыл.

Қарағанды облыстық соты қала экологиясын "бас ластаушы" - "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясын қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 1 миллиард 354 миллион 769 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Әуелде билік талап еткен өтемақы көлемі бұл сомадан шамамен 40 миллионға көп еді.

Қарағанды облысы экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, табиғат қорғау іс-шараларының сақталмағанын анықтаған. Билік сөзінше, компания "қоқысты [ауаға] рұқсатсыз шығарған және төккен". Талап-арызда экологиялық залал компанияның болат департаментінен ғана емес, бірнеше шахтадан келгені айтылады. Билік арызында "ауаға нормадан көп қоқыс шығарылған, техникалық шаң алдын ала ұйымдастырылмастан ауаға тараған. Шахталардан шығарылыған аралас су мен ағынды су, атмосфераға тараған қоқыс нормадан көп" деп жазылған.

Өтемақы көлемін тым көп санап, бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспеген АМТ компаниясы апелляциялық шағым түсірген. Компания сөзінше, болат департаменті оттегі-конвертер цехінен атмосфераға шығарылған шаң есебі шын жағдайды көрсетпейді. Сот барысында компания өтемақы ретінде көрсеткен сома негізсіз көбейтілгендігін дәлелдеді. Талапкер – экология департаменті де сот кезінде мұны мойындап, "залалды есептеу кезінде механикалық қателер кеткенін" айтты.

Қарағанды облыстық азаматтық істер бойынша сот алқасы келген залал көлемін азайтып, 1 миллиард 354 миллион 769 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Оқи отырыңыз: Шағын қаладағы зор проблемалар

Теміртау қаласы экологиясының нашарлауы жайлы жұртшылық арызы мен Қарағанды облысында Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасынан соң құрылған "Жасыл кеңес" отырысы жиілеген тұста қалада нақты уақыт режиміндегі өндірістік экологиялық мониторинг құрылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәлімдеуінше, энергетика министрлігі, облыстық әкімдік пен АМТ болат департаменті арасында қоршаған ортаға шығарылатын қоқыстар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізуді міндеттейтін меморандумға қол қойылған.

Қоқыс шығару көздерін автоматты бақылау құралдарын орнату, АМТ хабарлауынша, бірнеше кезеңнен өтеді. Қоршаған ортаның жай-күйіне және технологиялық процестің параметрлеріне жүйелі бақылау жүргізіліп, мониторинг нәтижелері онлайн-режимде уәкілетті органға жіберіледі деп жоспарланған.

Бұрын онлайн-мониторингіге тікелей қатысуды талап еткен белсенділер деректерге тікелей қол жеткізе алмайды. Билік жұртшылыққа нәтижені көрсетуге уәде берген. Бірақ экологиялық белсенділер "жұрт дайын есеп түріндегі құжатты көріп қана қоймай, қоқыс шығару деңгейін онлайн-режимде бақылап отыруы керек" деп талап етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG