Accessibility links

Қырғызстан президенттігіне кандидат болған Бабанов елге қайтуы мүмкін


Омурбек Бабановтың президент сайлауында дауыс бергеннен кейінгі сұхбат сәті. Бішкек. 15 қазан, 2017 жыл
Омурбек Бабановтың президент сайлауында дауыс бергеннен кейінгі сұхбат сәті. Бішкек. 15 қазан, 2017 жыл

Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, кезінде президент сайлауына түсіп, Қазақстан президентімен кездескен соң елден кеткен Омурбек Бабанов қайтып оралуы мүмкін.

Бұл туралы 27 наурызда Бабановтың өкілі Ислам Қарғабаевтың баспасөз мәслихатына сілтеме жасап, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қарғабаевтың айтуынша, Бабанов өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі саясиланған деп таниды. "Мен оның нақты қашан оралатынын айта алмаймын" деген Қарғабаев тек "жақын уақыт" туралы сөз қозғаған. "Бабанов қалай болғанда да қалыптасқан жағдайға қарамастан қайтып оралатынын айтты" дейді Қарғабаев. Бұрынғы депутаттың саясатқа араласу мүмкіндігі жайлы Қарғабаев әзірге жауап бере алмайтынын білдірген.

2017 жылғы президент сайлауынан кейін елден кеткен Омурбек Бабанов өзінің саяси мансабы аяқталғанын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз: Омурбек Бабановтың саяси мансабы аяқталды ма?

Қырғызстанда Бабановтың сайлау алдында Ош қаласында айтқан пікіріне байланысты "ұлтараздық, нәсілшілдік және діни араздықты қоздыру" бабы мен "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру" бабы бойынша іс қозғалған, бірақ соңғы істің жабылғаны хабарланған.

2017 жылғы сайлауда Бабановтың қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтен кейін 33 пайыздық дауысқа ие болғаны хабарланған. Бабановтың президенттікке кандидат кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевтың кері реакциясын тудырған.

ВИДЕО: Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады. 20 қазан, 2017 жыл.

Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:20 0:00

Атамбаев ресми Астананы көрші елдің ішкі ісіне араласып, өз кандидатын таңып отыр деген сарында айыптаған. Қазақстан жағы оны жоққа шығарғанымен, кейін Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейтіп жіберген. Астаналық шенеуніктер шекарадағы бақылаудың күшейтілуін контрабандалық тауарларға қарсы амал деп түсіндірген. Қырғызстандағы президент сайлауынан кейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы ахуал қайтадан қалпына келген еді.

Омурбек Бабанов 2017 жылы желтоқсанда саясаттан біржола кететінін мәлімдеп, Жогорку Кенеш (Қырғызстан парламенті - ред.) депутаты мандатын өткізіп, бұны сол кездегі жағдай бойынша ең дұрыс шешім деп атаған. Ол сайлаудан соң шетелге кетіп қалған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG