Accessibility links

Бішкекте "Путин - агрессор" деген жазуы бар плакат ұстаған ерлі-зайыптыны ұстады


Ресей мен Қырғызстан тулары. Көрнекі сурет.

Наурыздың 27-сі күні Бішкектегі Ресей елшілігі алдында Владимир Путиннің саясатына қарсылық білдірген белсенді Нұрлан Карымшаков пен оның әйелін полиция ұстады. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, белсендінің қолында "Путин - агрессор", "Басқыншы", "Қылмыскер", "Бізге әскери базаның қажеті жоқ" деген жазуы бар плакат болған. Олар бірден полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Полиция белсендінің үйін тінтіп, "ұлттық араздық қоздыру" (Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 313-бабы) бабы бойынша айып таққан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, оларды полициядан әлі босатпаған. 15 сағаттан астам уақыт бойы ас-су бермеген.

Наурыздың 28-і күні таңертең Бішкекке Ресей президенті Владимир Путин келді. Қырғызстанның ресми орындары Путин сапары кезінде екі ел арасында отызға жуық құжатқа қол қою жоспарланғанын айтады. Олардың арасында Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасы жайлы хаттама да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG