Accessibility links

Алжирде миллионға жуық азамат президент отставкасын талап етті


Алжирде миллионға жуық азамат президент отставкасын талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

Наурыздың 29-ы күні Алжирде миллионға жуық адам көшеге шығып, президент Әбделәзиз Бутефликаның отставкасын талап етті деп хабарлайды Reuters. Кейбір жерде полиция жиналғандарға көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашып, шерушілерді таратпақ болған. Наразы азаматтар президент қана емес, Бутефлика айналасындағы азаматтардың да билікте қалмауын талап етіп, ұрандатқан. Биыл ақпанда Алжир президенті Әбделәзиз Бутефлика сәуірде өтетін сайлауға қатысатынын жариялаған. Осыдан кейін елде мыңдаған адам жаппай наразылыққа шығып, Бутефликаның биліктен кетуін талап еткен. Бір айдан соң 12 наурызда Бутефлика сайлауға түспейтінін мәлімдеді. 82 жастағы Бутефлика бұған дейін төрт рет сайлауға түсіп, жеңіске жеткен. 2013 жылы инсульт алып, содан бері жұрт алдына шықпаған. Мәлімдемелерін елдегі телеарнадағы тележүргізушілер немесе маңайындағы көмекшілері оқып жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG