Accessibility links

Ердоған муниципалдық сайлауда партиясының жеңгенін айтты


Түркия президенті Режеп Ердоған.
Түркия президенті Режеп Ердоған.

Түркия президенті Режеп Ердоған жексенбі күні, 31 наурызда өткен муниципалдық сайлауда өзі жетекшілік ететін билік партиясы "үлкен басымдықпен" жеңгенін хабарлады. Ердоған "бұл Түркияны тізерлеткісі келгендерге соққы болды" деді.

Муниципалдық сайлау Түркияның 81 провинциясында түгел өткен. Азаматтар қала мэрлерін, қоғамдық кеңес пен басқа да муниципалдық саясаткерлерді таңдайды.

Президент мемлекеттік БАҚ дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялаған соң сөйлеген. Әлгі нәтиже бойынша, билік партиясы сайлауға қатысқандардың 45 пайыз дауысын жинаған, бірақ ел астанасы Анкара мэрінің орнынан айырылып қалған.

Сайлау алдында батыс басылымдары "экономика тұралап тұрған шақта Түркия президенті Анкара мен Стамбулды бақылауынан шығарып алуы мүмкін" деп болжаған.

Ердоғанның Әділдік және даму партиясы 15 жылдан аса басқарып келген Стамбул – Түркияның ірі қаласы, қаржы астанасы. Әлеуметтік сауалнамалар сайлауда бұл қала үшін тартыс күшті болады деп болжанған.

Сайлаудан бірер күн бұрын Ердоған Стамбулдағы Айя София мұражайы қайтадан мешіт статусына ие болуы тиіс деп мәлімдеген. 28 наурызда АҚШ-тың халықаралық діни бостандық бойынша комиссиясы Ердоғанның мұражайға байланысты мәлімдемесін сынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG