Шымкенттегі көп балалы аналар құжат жинай бастады
Шымкентте әр балаға 21 мың теңге әлеуметтік көмек алуға құжат тапсыру үшін жүздеген адам сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Қалада оларды қабылдайтын сегіз бөлімше ашылды. Екі күнде атаулы көмек алуға екі мыңнан астам отбасы ниет білдірген.