Accessibility links

Кәрім Мәсімов Қытай басшысының орынбасарымен кездесті


ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен Қытай вице-президенті Ван Цишань кездескен сәт. Пекин, 8 сәуір 2019 жыл.
ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен Қытай вице-президенті Ван Цишань кездескен сәт. Пекин, 8 сәуір 2019 жыл.

8 сәуірде Пекинде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті. Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасына сілтеме жасап, Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Екі тарап "Бір белдеу – бір жол" жобасын жүзеге асыру жолдарын талқылаған.

Ван Цишаньнің айтуынша, Қытай президенті Си Цзиньпин мен Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық жұмыстарының арқасында екі тарап тығыз байланыс орнатып, "Бір белдеу – бір жол" жобасын бірге жүзеге асыруда жоғары жетістіктерге жетті.

Ван Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қытай халқының досы" деді.

Қытай вице-президентінің пайымдауынша, екі елдің стратегиялық байланыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, екі халықтың дамуына септігін тигізеді.

Кәрім Мәсімов екі елді стратегиялық серіктес деп атады. Оның сөзінше, Қытаймен байланысты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаттарының бірі.

Мәсімовтің айтуынша, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін "Бір белдеу – бір жол" жобасын жүзуге асыруға дайын.

"Бір белдеу – бір жол" жобасын Қытай президенті Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстан мен Индонезияға барған сапарында ұсынған. Қытай билігі бұл жобаны "Жаңа Жібек жолы" деп атаған. Жобаның бір бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтеді.

Деректі фильм: Жаңа Жібек жолы: даму ма, алдану ма?

Жаңа Жібек жолы: даму ма, алдану ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:29:59 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG