Accessibility links

Ақтауда адам өліміне әкелген дезинфекцияға қатысты сот басталды


8 сәуірде №2 Ақтау қалалық сотында алматылық "Tarakan.net" жеке меншік мекемесінің тапсырысы бойынша жасалған дезинфекциядан кейін қайтыс болған 30 жастағы әйел мен 3 жасар баланың қайғылы оқиғасынан соң қозғалған қылмыстық іс қарала бастады. Марқұмдар Мұнайлы ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрған.

Айыптау актісінде дезинфекция жұмыстарын жүргізген 26 жастағы Ғалымжан Жайлауовтың еш жерде тіркелмеген "Tarakan.net" компаниясының қызметкерінің атын жамылып, лицензиясыз жұмыс істеген, санитарлық талаптарды бұзған деген күдікке ілінгені айтылған. Ғалымжан Жайлауов бұл айыптармен келіспейді.

- Мен жұмыссыз жүргендіктен "Tarakan.net" мекемесін интернеттен тауып, онымен іскерлік байланыс орнаттым. Олардың тапсырған жұмыстарын орындадым. Бірақ қайғылы жағдайдан соң олар мекемені жауып, бар кінәні маған артып отыр, - деді ол Азаттыққа.

Істі судья Аралбай Нағашыбаев қарап жатыр.

2018 жылығы 22 қарашада Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданындағы 60 пәтерлі көп қабатты үйде бірнеше пәтерге қандала мен тарақандарға қарсы дезинфекция жасалған. Дезинфекциясынан кейін тұрғын үйдің екі подъезіндегі 120 тұрғын бір аптадан астам уақыт басқа жаққа көшіріліп, бірнеше адам ауруханаға түскен.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG