Accessibility links

Петербургте сот трансгендердің жұмыстан босатылуын заңсыз деп таныды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде Петербургтегі Фрунзе аудандық соты трансгендердің жұмыстан босатылуын 9 сәуірде заңсыз деп таныды. Жұмысқа ер адам ретінде тұрған ол жынысын ауыстырып, жаңа паспорт алған соң жұмыстан шығарылған. Оның жұмыстан босатылуына Ресейде баспашы (полиграфия жұмысшысы) болып әйелдердің жұмыс істеуге тыйым салынғаны себеп.

Трансгендердің мүддесін қорғаған адвокат Максим Оленичев соттағы жеңістің маңызы зор деп санайды. Оның сөзінше, екі жылға созылған сот процесі кезінде Ресей соты трансгендердің жұмыстан заңсыз қуылуына араша түскісі келмейтіндей көрінген. "Бірақ Ресейде алғаш рет трансгендер адам сотта өзінің еңбек құқығын қорғай алды" дейді ол.

Сот тұрғынның жұмыс орнына 10 мың рубль (154 доллар) моральдық өтемақы және мәжбүрлі түрде жұмыста болмағаны үшін 1,8 миллион рубль (27,7 мың доллар) жалақы төлеуді міндеттеді. Адвокаттың пікірінше, "бұл жағдай басқа трансгендерлерге үміт сыйлайды".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG