Accessibility links

Мирзияевтің қызы мемлекеттік қызметке тағайындалды


Саида Мирзияева.
Саида Мирзияева.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева ақпарат және қоғаммен байланыс агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

12 сәуірде Ташкентте өткен жиында президент әкімшілігінің жетекшісі Зайнилобиддин Низомиддинов Саида Мирзияеваны ұжымына таныстырған.

Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің айтуынша, Саида Мирзияева Өзбекстанның әлем алдындағы имиджін көтеру ісімен айналысады және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын бақылайды.

Бұл қызметке бір ай бұрын келген Наргиза Рахимова исламдағы көп әйел алу жайлы пікір айтып, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған. Кейін оның еңбек демалысына кеткені хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG