Accessibility links

Қазақстанда биыл екі айда 600-ден аса нәресте шетінеп кеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында 615 нәресте шетінеп кеткен. Былтыр бұл кезеңде өлген бала саны 587 еді. Бұл туралы Қазақстан статистика комитеті хабарлады.

Бала өлімі былтырмен салыстырғанда 4,8 пайызға өскен.

Комитеттің жазуынша, нәрестелер өлімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Шетінеген 615 сәбидің 323-і босануға дейін не кейін туған аурулардан көз жұмған. Туа біткен ауытқулардан – 113, тыныс алу органдары ауруларынан – 56, жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттардан – 19 сәби шетінеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG