Accessibility links

Түркістан облысында "қызғалдақ жұлған" сегіз азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды


Қызыл төбешіктегі грейг қызғалдағы. Түркістан облысы, сәуір 2009 жыл.

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген "грейг қызғалдағын жұлғандарды" полиция жауапқа тартып жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Департамент мәліметінше, грейг қызғалдағын жұлған сегіз адам Қылмыстық кодекстің өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бабымен сотқа тартылған.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Азаматтар бұл бап бойынша кінәлі деп танылса, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынуы не қоғамдық жұмыстарға тартылуы, болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеліп не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

1 сәуірден бері облыста "Қызғалдақ" шарасы өтіп жатыр. Шара 30 сәуірге дейін жалғасады. Түркістан облысында қызғалдақтың бірнеше түрі өседі.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG