Accessibility links

Қаратаудағы түрлі-түсті жауқазын

Қазақстанның оңтүстігінде қызғалдақ гүлдеді. Қызғалдақтың отаны деп есептелетін Қазақстанда бұл гүлдерді "жауқазын" деп те атайды. Жамбыл облысы аумағында Қаратау сілемдеріндегі қызғалдақтар беткейде өседі.

Тау жотасындағы гүлдерді көру үшін Берікқара шатқалынан өрлеп бірнеше шақырым жаяу жүру керек болады. Осындағы грейг қызғалдағы, кауфман қызғалдағы және басқа да жойылу қауіпі төнген өсімдіктерді зерттеп, тамашалауға халықаралық биологиялық ұйымдардан мамандар мен шетелден туристер де келіп тұрады. Соңғы жылдары бұл гүлдердің жаңа түрлері де белгілі бола бастады.

Қазақстандағы жауқазындар Еуропаға тараған қызғалдақтың төркіні деп есептеледі. Елде қорғауға алынған қызғалдақ түрлерін жұлғандар Қылмыстық кодекстің өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлеріне зарар келтіргені үшін бабымен сотқа тартылады. Кінәлілерге айыппұл салудан бастап үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қаратаудағы қызғалдақтар 900-1200 метр биіктікте тау беткейінде өседі. Ел ортасынан қашықта және таулы жерде өсуі қызғалдақтардың табиғи түрлерінің сақталуынының кепілі саналады. Жуалы ауданы, Жамбыл облысы. Сәуір, 2019 жыл.

Тағы

16x9 Image

Қуанышбек ҚАРИ

Алматы бюросының бас редакторы. Азаттық радиосында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG