Accessibility links

"Қызметін асыра пайдаланған" түрме қызметкері үйқамақтан босатылады


16 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы Айтжан Бәкіровтің ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Азаттық радиосының тілшісі хабарлады.

Судья Әбинұр Қарабаев Айтжан Бәкіровті Қылмыстық кодекстің "қызметін теріс пайдалану" бабымен кінәлі деп тапты. Бірақ сот жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты оған қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Судья үкім күшіне енгеннен соң сотталушы үйқамақтан босатылатынын айтты.

Судьяның айтуынша, Бәкіровке тағылған "оқ-дәрілерді жымқыруға жол берді", "қызмет бабын пайдаланып, сотталғандар арасында заңсыз құмар ойынын ұйымдастырды және заңсыз табыс тапты", "қылмыскерлерге көмектесті деген айыптар тергеуде дәлелденбеген. Айыпталушы "салақтық" бабы бойынша ақталды.

Айтжан Бәкіров Азаттыққа үкіммен келіспейтінін, тағылған айыпты мойындамайтынын, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Айтжан Бәкіров "2012-2014 жылдар аралығында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан (қазір – Түркістан) облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Шымкенттегі ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің басшысы болып жүргенде заң бұзды" деп айыпталып, үйқамаққа алынған.

Бұрынғы түрме басшысы орынбасарының соты 5 ақпанда басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG