Accessibility links

Парижде ондаған ингуш Юнус-Бек Евкуровтың биліктен кетуін талап етті


Ингуш диаспорасының Парижде өткізген митингі.
Ингуш диаспорасының Парижде өткізген митингі.

18 сәуірде Франция астанасында Парижде ингуш диаспорасының ондаған өкілі Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың саясатына қарсы митинг өткізді. Бұл туралы Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі хабарлады.

Наразылар Евкуровқа сенбейтіндерін айтып, оның биліктен кетуін талап еткен. Мемлекет басшысынан "саяси репрессияны тоқтатып, белсенділерді қамаудан босатуын" талап еткен.

Олар Шешенстан мен Ингушетия былтыр 26 қыркүйекте қол қойған шекара туралы келісім күшінің жойылуын талап етті. Наразылар Ингушетия туы мен республикада бірнеше ай бойы өткен митингіден соң қамауға алынған белсенділер суретін ұстап тұрды.

2019 жылы 26 наурызда Ингушетия астанасындағы орталық алаңға шыққан мыңдаған белсенді Шешенстанмен арадағы "жер мәселелерінің" әділ шешілмегеніне наразылық танытқан. Бұған қоса көрші аймақпен шекараны анықтау мәселелер бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуге тыйым салынуына да қарсылық білдірген.

3 сәуірде полиция "жер митингілеріне" қатысқан белсенділердің үйін тінтіген.

5 сәуірде Нальчик соты (Қабарда-Балқар автономиялық республикасының астанасы) сегіз ингуш белсендісін тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарды. Олар - "билік өкілдеріне күш қолдану" және "тәртіпсіздіктерге шақыру" баптары бойынша қозғалған қылмыстық істе күдікті. Бұл бап бойынша ең қатаң жаза мерзімі - 10 жылға бас бостандығынан айыру.

Видео: Ингушетиядағы наразылық (орысша тілінде)

1991 жылы Шешен-Ингуш АССР-і таратылғалы екі аймақ арасындағы шекара нақты белгіленбеген. 2018 жылы екі ел билігі өзара жасасқан келісімде өзара жер алмасу туралы баптар бар.

Қарай отырыңыз: Ингуш-шешен жер дауы

Ингушетияда тұрғындар Шешенстанмен жер алмасу әділ емес, бұл құжат Ингушетияның мүддесіне нұқсан келтіреді деп бұған дейін де қарсылық танытқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG