Accessibility links

Парижде белсенділер ғаламдық жылынуға байланысты акция өткізді


Лондондағы ғаламдық жылынуға байланысты акция. 15 сәуір 2019 жыл.
Лондондағы ғаламдық жылынуға байланысты акция. 15 сәуір 2019 жыл.

Париж маңындағы Ла-Дефанс қалашығында Total мұнай компаниясының штаб-пәтері және Société Générale банкі ғимаратының алдында белсенділер акция өткізіп, экология министрлігі ғимаратының жолын жапты. Белсенділер билікті ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудартуға тырысты.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, оған шамамен екі мың адам қатысқан. Дәл осындай акцияны француз белсенділері бір ай бұрын да өткізген.

Наразылық акциясына қатысушылар шеруді осы аптада Лондонда болған климаттың өзгеруіне байланысты акциялармен мән-мағынасы жағынан ұқсас деп мәлімдеген. Extinction Rebellion қоғамдық-саяси қозғалысы өкілдері осы аптада Лондонда наразылық акциясын өткізіп, биліктен ғаламдық жылынуды тоқтату үшін көбірек шара қолдануды талап еткен еді. Олар жолды жауып, қоғамдық көлік жұмысына кедергі келтірген. Лондон мэрі шерушілердің полиция жұмысын қиындатқанын айтқан.

Видео: Лондондағы BBC корпорациясы ғимараты алдында климаттың өзгеруіне байланысты өткен шеру. (18 сәуір 2019 жыл).

Климаттың өзгеруіне байланысты акция
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00

Өткен жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінде ғаламдық жылынуға байланысты акциялар жиілеген. Бұған дейін әлемнің ірі қалаларында өткен студенттер шеруіне 16 жастағы швед оқушысы Грета Тунберг қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG