Accessibility links

ЖСДП саяси кеңесі съезде Ермұрат Бапиді кандидат ретінде ұсынбақ


«Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи. Алматы, 19 сәуір 2019 жыл.
«Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи. Алматы, 19 сәуір 2019 жыл.

22 сәуірде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси кеңесі партия съезінде «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапиды саяси ұйымның атынан сайлауға кандидат ретінде ұсынатынын хабарлады.

"ЖСДП саяси кеңесі партияның 14-съезін 2019 жылдың 26 сәуірінде өткізуді қаулы етіп, 9 маусымда болатын президент сайлауына Ермұрат Бапиді үміткер ретінде ұсынды" делінген партияның ресми сайтында.

Ермұрат Бапи түпкілікті шешімді съезд қабылдайтынын, дегенмен саяси кеңестің шешімін қолдайтынын айтты.

“Съезде делегаттар тарабынан қандай ой-пікір болады, қандай ұсыныс айтылады, басқа да үміткер бола ма ол жағын айта алмаймын. Бірақ саяси кеңес мүшелерінің түгелдей мені қолдағаннан кейін келісімімді бердім. Ойын ережесі жалпыға ортақ болмаса да азаматтық қоғамнан, оппозициядан үміткерлер ұсыну керек, қатысу керек деген сөздің де әсері бар" деді Ермұрат Бапи Азаттық тілшісіне.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Қазақстанда ресми тіркелген жеті партияның бірі.Сайлау туралы заңға енген соңғы өзгерістерге сәйкес, елде ресми түрде тіркелген бірлестіктер мен ұйымдар ғана президенттікке кандидат ұсына алады. Жеке тұлғалар, азаматтар өз-өзін ұсына алмайды.

Қарай отырыңыз: Қазақстан президенті болып сайлануға кімнің құқы бар?

Қазақстан президенті болып сайлануға кімнің құқы бар?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00

Құқық қорғаушылар "Сайлау туралы" заңның демократия принциптеріне қайшы екені, аталған заң мен Конституция арасындағы қарама-қайшылықтар туралы жиі айтып келеді.

Ерте сайлау: Заңнамалық қайшылықтар және билік "мұрасы".

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген.

Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. 28 сәуір кешкі сағат 18.00-де аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG