Қазақстаннның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде өтіп жатқан "Бір белдеу - бір жол" форумына қатысып, сөз сөйледі. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.
Жоспар бойынша, форум кезінде "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасының алты жылғы жұмысы қортындыланып, дамыту шаралары қабылданады.
Басылымдар "Бағдарлама жайлы бастама көтерген адамдардың бірі ретінде Назарбаев Қытай лидері Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен соң сөз сөйлейді" деп жазады.
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Назарбаевты форумдағы "ең маңызды және құрметті қонақ" деп атаған. Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" екінші форумына 37 ел қатысады.
Оқи отырыңыз: "Қазақ-қытай қатынасында Назарбаевтың салмағы әлі басым"
Назарбаев Пекинге кеше, 25 сәуірде түнде жеткен. Оның баспасөз қызметі "осы сапар кезінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кездесуі жоспарланып отыр" деп хабарлаған.
ПІКІРЛЕР