Accessibility links

Сан-Диего қаласында синагогада атыс болған


Сан-Диего қаласы. Көрнекі сурет.
Сан-Диего қаласы. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында синагогада атыс болып, бірнеше адам жараланған. CBS News бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Қала шерифі оқиғаға байланысты бір адамның ұсталғанын айтты. Әзірге күдіктінің аты-жөні айтылмайды.

Осы аптада еврейлер қауымдастығы Песах діни мерекесін атап өтеді.

Өткен жылы қазан айында Питтсбург қаласында синагогада атыс болып, ресми дерек бойынша 11 адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG