Accessibility links

Алматыда ұсталғандар полиция департаментінен босап шықты


Полиция ұстаған алматылықтар босап шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:23 0:00

Видео: Полиция ұстаған алматылықтар босап шықты

9 мамырда Алматыда ұсталған бірнеше адам кешкісін полиция департаментінен босап шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Ұсталғандардың айтуынша, олардың кейбірін полиция үйлерінен шыға бергенде, кейбірін "Астана" алаңынан әкетіп, департаментте түсініктеме жаздырған. Сөздерінше, полиция олардан ҚДТ қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) жайлы сұраған. Кейін полиция бірнеше адамды босатты. Олардың арасында құқық қорғаушы Ерлан Қалиев, Алматы тұрғындары Элмира және Дәметкен Түркебаевалар, Гүлзипа Жәукерова, белсенділер Тұрсынкүл Жоланова, Сақып Жаңабаева бар.

Азаттық тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне барғанымен, оны күзет қызметі ішке кіргізбеді. Азаматтардың не үшін ұсталғанын білу үшін Азаттық полиция департаментінің баспасөз қызметіне де хабарласқан, бірақ телефон қоңырауына жауап бермеді.

9 мамырда Қазақстан қалаларында полиция бақылауы күшейіп, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырауда бірнеше тұрғын ұсталған. Кешкісін Атырау мен Нұр-Сұлтанда полиция әкеткен бірнеше адам босағаны белгілі болды. Осы күні елде бірнеше сайт, әлеуметтік желілер ашылмай қалды.

Қазақстан халқы 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтті. Бұған дейін елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы азаматтарды 9 мамыр күні митингіге шығуға шақырған.

Қазақстан билігі азаматтарды 9 мамырда заңсыз митингіге шықпауға үндеп, қатысқандардың "қатаң жауапқа тартылатынын" ескерткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бейбіт жиын өткізуге рұқсат алу қажетін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG