Accessibility links

Ошта белгісіз біреулер Азаттық тілшісіне күш көрсетті (видео)


Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Ыдырыс Исаков.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Ыдырыс Исаков.

Қырғызстанның Ош қаласында жасырын казино орналасуы мүмкін орындардың бірін түсіру кезінде белгісіз біреулер Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Ыдырыс Исаковқа шабыл жасаған. Оның беті-қолы сырылып, киімдері жыртылған. Оқиға орнына милиция қызметкерлері барып, шабуыл жасағандарды ұстаған. Азаттық тілшісінен бөлек жергілікті "Нур" телеарнасының тілшісі де зардап шеккен. Шабуылдаушылар оның қолын қайырып, ғимарат ішінде сыртқа жібермей ұстап тұрған.

Исаковқа Оштағы DeLuxe қонақ үйі маңындағы жерде шабуыл жасаған. Бұған дейін журналиске ерлі-зайыптылар хабарласып, ұлдарының жасырын казиноға 50 мың доллар ұтқызып жібергенін айтып шағымданған. Олардың айтуынша, осы қонақ үй маңында орналасуы мүмкін жасырын казино 2017 жылдан бері істейді. Олар қаржыны қайтаруды талап етіп, президенттен көмек сұрайтынын жеткізген.

Қырғызстанда 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, казинолардың жұмыс істеуіне тыйым салынды. 2015 жылы 29 сәуірден бастап елде букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жұмысы да заңсыз болып есептеледі.

Бірақ ресми тыйымға қарамастан тұрғындар елде жасырын казинолар жұмыс істеп жатқанын айтады. Бұл мәселе Жогорку Кенешінде де қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG