Accessibility links

Владимир Путин мен Майк Помпео Сочиде кездеспек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путиннің суреттерінен коллаж.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 14 мамырда Сочиде Ресей президенті Владимир Путин және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі деп жоспарланған. Помпео Мәскеуге 13 мамырда келуі тиіс еді, алайда ол Еуропа елдері жетекшілерімен Иран мәселесін талқылау үшін Брюссельде аялдағандықтан Ресейге сапарының уақыты өзгерген.

Помпео АҚШ мемлекеттік хатшысы ретінде Ресейге алғаш рет сапармен барады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің ​қатысуымен былтыр шілде айында Хельсинкиде өткен келіссөздерден кейінгі жоғары деңгейдегі екінші кездесу.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Сочидегі кездесуде әскери қару-жараққа бақылау, Венесуэладағы дағдарыс, Украина мен Сирияның шығысындағы қақтығыс және Иран мәселесі талқыланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG