Accessibility links

Брюссельде "Шығыс серіктестігі" саммиті өтіп жатыр


Еуропа Одағының "Шығыс серіктестігі" саммитіне қатысушылар. Брюссель, 13 мамыр 2019 жыл.

Брюссельде Еуропа одағының "Шығыс серіктестігі" бағдарламасының он жылдығына байланысты мерейтойлық саммит өтіп жатыр. Дүйсенбіде басталған саммит кезінде мерекелік декларация қабылданды.

Алайда құжатта "Шығыс серіктестігі" елдерінің өкілдері емес, Еуропа дипломатиялық өкілдігінің басшысы Федерики Могеринидің ғана қолы бар.

Құжатқа Таулы Қарабақ аймағына байланысты Әзербайжанның аумақтық тұтастық мәселесін енгізу жайлы ұсынысы қабылданбағаннан кейін осындай шешім қабылданды. 1990 жылдардың басында өзін өзі жариялап алған Таулы Қарабақ республикасын әлем қауымдастығы мойындаудан бас тартқан. Даулы аймақта болған қарулы жанжалдан 30 мың адам мерт болған.

Сепаратистік аймаққа Армения қолдау білдіреді. Ондаған жылдарға созылған даулы мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар әзірге еш нәтиже берген жоқ. Армения мен Әзербайжан арасы осы мәселеге байланысты әлі нашар.

"Шығыс серіктестігі" бағдарламасы 2009 жылы құрылған. Еуропа одағы елдерінің Шығыс Еуропа елдерімен серіктестігі әрі бірлестігін мақсат еткен бұл бағдарламаға Беларусь, Украина, Грузия, Әзірбайжан және Армения мүше.

Ресей Еуропа одағымен екіжақты келісім негізінде әріптес болатынын мәлімдеп, "Шығыс серіктестігіне" кіруден бас тартқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG