Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында цемент тиеген жүк көліктерін өткізе бастады


Қырғыз-өзбек шекарасындағы жүк көліктері. 22 мамыр 2019 жыл.
Қырғыз-өзбек шекарасындағы жүк көліктері. 22 мамыр 2019 жыл.

22 мамырда Азаттықтың Қырғыз қызметі бір аптадан астам уақыттан бері қырғыз-өзбек шекарасындағы бейтарап аумақта бөгелген жүк көліктерін Өзбекстан жеріне өткізе бастағанын хабарлады.

Бұған дейін жүргізушілер Азаттық тілшілеріне Қырғызстаннан цемент әкеле жатқан жүк көліктерінің 12 мамырдан бері Өзбекстан жағына өте алмай тұрғанын, олардың саны жүзден асқанын хабарлаған еді. Өзбекстан жағы бұған байланысты түсініктеме бермеді.

Оқи отырыңыз: Өзбекстан қырғыз цементі тиелген көліктерді кеденде бөгеді

Қырғызстан парламентінің кей мүшелері мұны "астыртын сауда соғысы" деп атады.

Өзбек кәсіпкерлері Өзбекстанға қырғызстандық арзан әрі сапалы цементті әкелуге салынған тыйымның артында нақты бір "мүдделі топ" тұр деп топшылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG