Accessibility links

Алмазбек Атамбаев ҚСДП төрағалығынан кетіп, партиядан шықты


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) төрағалығынан кетті. Ол сонымен бірге партиядан да шықты. 25 мамырда өткен партияның саяси кеңесі отырысында осындай шешім қабылданды. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

ҚСДП өкілдері мұны жуырда күшіне енген "Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы" заңға енген түзетулермен түсіндірді. Заң елдің бұрынғы президенттеріне саясатпен айналысуына тыйым салады.

"Жаңа заң бойынша елдің бұрынғы президенті саяси істермен шұғылдана алмайды, саяси партияға жетекшілік ете алмайды, партия құрамында болмауы тиіс. Біз бұл заңға байланысты конституциялық палатаға шағымданғанбыз. Бірақ әзірге заң күшінде. Сондықтан Атамбаевты уақытша партия құрамынан шығара тұруды шештік" деді партияның саяси кеңесінің мүшесі Адил Турдукулов.

Алмазбаевтың орнына партия төрағасының орынбасары Асел Кодуранова сайланды. Бірақ партия өкілдері оның уақытша міндет атқаратынын айтып отыр.

Оқи отырыңыз: Жээнбеков экс-президенттерді жауапқа тартатын заңға қол қойды

Қырғызстанда экс-президент мәртебесіне Роза Отунбаева және Алмазбек Атамбаев ие. Асқар Ақаев пен Курманбек Бакиев елдегі революциялардан кейін бұл мәртебеден айрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG