Accessibility links

Лондонда бұрынғы СССР-дан шыққан азаматтың мүлкіне тыйым салынды


Лондон.
Лондон.

Ұлыбританияда заңсыз баю және ақша жымқырумен күрес кампаниясы аясында бұрынғы СССР-ден шыққан азаматтың мүлкіне тыйым салынды. Оның аты-жөні мен азаматтығы ашық айтылмайды. BBC сайтының жазуынша, құны 100 миллион доллардан асатын зәулім үйге арест қойылған.

Мүлікке тыйым салу туралы шешімді Лондон Жоғарғы соты қабылдаған. Енді үй иесі мүлікті сатып алған ақшаның заңды жолмен келгенін дәлелдеуі керек. Дәлелдей алмаса, азамат үйінен айырылады.

Британ үкіметі постсоветтік елдердің қаржы жымқырған азаматтарымен күресті былтыр бастаған. Науқан аясында алғаш болып Халықаралық Әзербайжан банкінің бұрынғы төрағасының әйелі Замира Гаджиеваның мүлкіне тыйым салынған еді. Тергеу аясында Лондон соты Гаджиеваның ондаған миллион фунтқа тең келетін мүлкіне тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG