Accessibility links

Партия құра алмаған белсенділер "Нұр Отан" мен Алматы әкімдігін сотқа берді


Партия құра алмаған Санавар Закированың шағымы бойынша сот отырысы. Алматы, 31 мамыр 2019 жыл.
Партия құра алмаған Санавар Закированың шағымы бойынша сот отырысы. Алматы, 31 мамыр 2019 жыл.

31 мамырда Алматының Бостандық аудандық соты белсенділер Санавар Закирова мен Марат Тұрымбетовтің Алматы қаласы әкімдігі, әкімдіктің қоғамдық даму басқармасы, Бостандық аудандық прокуратурасы, Бостандық аудандық полиция басқармасы, Алматы қалалық полиция департаменті мен "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы филиалының үстіне түсірген шағымын қарай бастады.

Закирова мен Тұрымбетов "бұл мекемелер өздеріне жаңа партия құруға кедергі келтірді" деп айыптайды.

Шағымды Бостандық аудандық сотының судьясы Гүлмира Талапова қарап жатыр. 31 мамырда өткен алғашқы процеске "Нұр Отан" партиясының Алматы филиалынан ешкім келмеді. Басқа мекемелердің барлығы сотқа қатысты. Белсенділер судьядан "сотқа қатысушыларды сыйламаған "Нұр Отан" партиясын жауапқа тартуды" сұрады.

Сотта арызданушы Санавар Закирова партия съезін өткізуге "кедергі келтірген" әкімдіктің қоғамдық даму басқармасының өкілі Бауыржан Түлбаевты куәгер ретінде шақыртуды сұрады. Сот бұған қатысты шешімді кеңесу бөлмесінде қабылдайтынын айтты. Бұдан кейін судья 17.00-ге дейін үзіліс жариялады. Сот отырысына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕЫҚҰ) өкілдері де қатысты. Бірақ олар Азаттық тілшісіне қандайда бір комментарий беруден бас тартты.

Белсенді алдағы уақытта "Наше право" партиясын құруға тағы да тырысатынын айтады.

Оқи отырыңыз: Тіркелмеген партияның өтпей қалған съезі

Белсенді Санавар Закирова биыл наурыз айында тіркелмеген "Наше право" партиясының құрылтай съезін өткізбек болған. Алайда түрлі кедергілерге тап болып, шара өтпей қалған. Закирова әкімдік пен полиция тарапынан кедергі болғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG