Accessibility links

Абаев наразы ананың бәріне бірдей пәтер беру мүмкін емесін айтты

Аналар алдына шыққан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ақ кепкалы). Нұр-Сұлтан, 3 маусым 2019 жыл.
Аналар алдына шыққан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ақ кепкалы). Нұр-Сұлтан, 3 маусым 2019 жыл.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев маусымның 6-сы күні мемлекеттік "Хабар" арнасына берген сұхбатында "наразылық білдірген көп балалы әйелдердің бәріне бірдей пәтер беру мүмкін емесін" айтты. Министрдің сөзінше "жауапкершіліктің бәрін мемлекет мойнына артып қоюға болмайды, өйткені мемлекет көп балалы отбасыларға онсыз да көмек көрсетіп отыр".

“Көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріліп жатыр. Орташа есеппен бір отбасыға 100 мың теңгеден астам көмек беріледі. Бұдан бөлек мектептерде олардың балаларына тегін тамақ, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, оқуға түсерде квота қарастырылған. Бар жауапкершіліктен бас тартып, бәрін мемлекет мойнына артып қою қаншалықты дұрыс? Осы уақыт бойы әкімдікті қоршаған көп балалы аналардың ешқайсысы өкінішке қарай жұмысқа орналастыруды, біліктілігін арттыруды, тым болмағанда күйеулерінің жалақысын көтеруді талап еткен жоқ. Бәрі бір ғана нәрсені талап етті: "тап қазір баспана беріңдер, несие беріңдер" деді” деген Абаев сұхбатында.

3 маусымда Нұр-Сұлтанда ондаған ана Ақорда мен Үкімет үйі маңына барып «әкім мен министрдің уәдесінен шаршағанын», Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Маминнің шығуын талап еткен. Олар әлеуметтік жағдайларын жақсартуды, биліктен баспанамен қамтамасыз етуді талап еткен.

Наразы аналардың бірі "Біз тегін баспана сұрамаймыз. Бізге айына 30-40 мың теңге төлейтіндей етіп үй беріңдер" деген еді.

Ашынған аналар "астананың атын өзгертуге келгенде, қымбат-қымбат шараларды өткізуге келгенде мемлекет ақша табады, ал аналардың талаптарын неге орындай алмайды?" деп шағымданған еді.

Наразы аналар баспана талабымен алаңға жиналды

Аналар таңғы сағат 10-нан бастап жинала бастады.
1/14 Аналар таңғы сағат 10-нан бастап жинала бастады.
"Алтын алқасы" мен "Күміс алқасын" тағып келген ананың бірі. 
2/14 "Алтын алқасы" мен "Күміс алқасын" тағып келген ананың бірі. 
Наразы аналардың алдына шыққан премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова (ортада) мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
3/14 Наразы аналардың алдына шыққан премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова (ортада) мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Аналар наразылығындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ақ кепкалы).
4/14 Аналар наразылығындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (ақ кепкалы).
Аналарды Ақордаға өткізбей тұрған полицейлер. 
5/14 Аналарды Ақордаға өткізбей тұрған полицейлер. 
Полицейлер наразы аналарды қоршап, өзара қолдасып алды.
6/14 Полицейлер наразы аналарды қоршап, өзара қолдасып алды.
Қолдасқан полицейлер.
7/14 Қолдасқан полицейлер.
Полицейлер қатары.
8/14 Полицейлер қатары.
Полицейлер қоршауындағы аналар.
9/14 Полицейлер қоршауындағы аналар.
Наразылыққа балаларын ертіп алып келген адамдар да болды.
10/14 Наразылыққа балаларын ертіп алып келген адамдар да болды.
Полицейлер аналар наразылығына басқа адамдарды өткізбеуге тырысты.
11/14 Полицейлер аналар наразылығына басқа адамдарды өткізбеуге тырысты.
Жиналған аналар мен оларды қоршаған полицейлер.
12/14 Жиналған аналар мен оларды қоршаған полицейлер.
Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен болған жиында отырған аналар.
13/14 Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен болған жиында отырған аналар.
Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (сол жақта) және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов наразы аналармен кездесуде отыр.  
14/14 Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев (сол жақта) және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов наразы аналармен кездесуде отыр.  
Previous slide
Next slide

Ал көп балалы аналарды қабылдаған Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев баспана сұраған аналардың талабының заңды-заңсыздығын қарастыратын мәлімдеді.

2019 жылы ақпанның 4-і күні Астананың Көктал-1 шағын ауданындағы Шыңғыстау көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы бес бала опат болған.

Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейді. Ақпанның 6-сы күні ел астанасында жүздеген ана жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап етті.

Ақпанның 21-і күні сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті "халықтың жағдайын жақсарта алмады" деп сынап, таратып жіберді. Кейін премьер-министр болып Асқар Мамин тағайындалды.

Ақпанның 27-і күні "Нұр Отан" партиясының съезінде Назарбаев көп балалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төленетінін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG