Accessibility links

Рахымбеков пен Ахметбеков дауыс берді


Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбеков немересімен бірге дауыс беріп жатыр. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда 10-ға таман "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков және "Қазақстан коммунистік халық партиясы" атынан сайлауға түсіп жатқан үміткер Жамбыл Ахметбеков Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінен дауыс берді.

Президенттікке кандидаттардың барлығы бүгін Нұр-Сұлтаннан дауыс береді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков - "Қазақстан коммунистік халық партиясы";

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы,

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" партиясы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәді-Бек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG