Accessibility links

Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар


Қазақстан президенттігіне кандидат, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс бергеннен кейін сайлау учаскесінде сөйлеп тұрған сәті. Нұр-Сұлтан. 9 маусым 2019 жыл.

"Нұр Отан" партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан, елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Елдегі наразылықтан хабарыңыз бар ма? "Тоқаев біздің президентіміз емес" деген елде көтеріліп жатқан ұранға не айтасыз?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына:

- Оның бәрінен хабарым бар. Мен әртүрлі жаңалықтарды естіп отырмын. Бұл - халықтың таңдауы. Егер кейбір азаматтар осындай ұрандар тастаса, енді олардың таңдауы сондай, - деп жауап берді.

Ол бұл сөзін 9 маусымда Нұр-Сұлтандағы "Астана Опера" театрында орналасқан сайлау учаскесіне дауыс беруге барған кезде айтқан.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков - "Қазақстан коммунистік халық партиясы";

Дания Еспаева - "Ақ жол" партиясы,

Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" партиясы;

Амангелді Таспихов - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев - "Нұр Отан" партиясы;

Сәді-Бек Түгел - "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

  • 16x9 Image

    Сәния ТОЙКЕН

    Сәния Тойкен Азаттық радиосында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Республикалық  "Қазақстан пионері", "Жас Алаш" газеттерінде тілші болған. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Атырау облыстық "Ақ Жайық" газетінде  тілші, қазақ редакциясының редакторы, Маңғыстау облысында шығатын "Не хабар?!" апталығының редакторы болып жұмыс істеген. 

    Сәния Тойкен 2017 жылы журналист әйелдердің халықаралық қоры (IWMF) тағайындаған "Журналистикадағы батылдығы үшін" сыйлығын иеленді. Ол - бұл беделді сыйлықты алған алғашқы қазақстандық журналист.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG