Accessibility links

Қазақстандағы сайлау учаскелері жабылды


Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшігін әкетіп барады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.
Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшігін әкетіп барады. Алматы, 9 маусым 2019 жыл.

9 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 20.00-де елдің 12 аймағындағы сайлау учаскелері жабылды. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де жұмысын тоқтатты.

Орталық сайлау комиссиясы ел аумағында 10 мыңға тарта сайлау учаскесі жұмыс істегенін хабарлаған. ОСК дерегінше, сайлауға дауыс берушілердің 77,4 пайызы дауыс берген.

Сайлау күні тәуелсіз бақылаушылар елде заңбұзушылықтар тіркелгенін хабарлады. Сайлау заңнамасына қайшы оқиғаларға Азаттық тілшілері де куә болды. Мысалы, Шымкентте Азаттық тілшісі сайлау жәшігінде бірнеше бюллетеннің топталып жатқанын көрген.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға қарсылық танытты. Кем дегенде жүз адамды полиция ұстап әкетті. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау күні жүз шақты адам ұсталғанын хабарлады.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 наурызда президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланған. 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG