Accessibility links

Мәжіліс Бақыт Сұлтановты сауда министрі етіп тағайындауға келісті


Бақыт Сұлтанов.

17 маусымда парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындауға келісті.

Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша кандидатты мәжіліске премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

17 маусымда мәжіліс Ақтоты Райымқұлованы мәдениет және спорт министрі қызметіне, Мағзұм Мырзағалиевті экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындауға келісім берген.

Бақыт Сұлтанов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған. 13 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтановты әкім қызметінен босатып, орнына Алтай Көлгіновті тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG