Accessibility links

Алматыда Денис Тенге арналған ескерткіш ашылды


Денис Тенге арналған ескерткіш. Алматы, 22 маусым 2019 жыл. ҚазТАГ агенттігінің суреті.

Алматыда 2018 жылы шілдеде кісі қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған ескерткіш ашылды.

Мүсінде спортшының 2014 жылы Сочидегі олимпиадада өнер көрсету сәті бейнеленген. Бұл олимпиадада Денис Тен қола жүлде ұтып алған еді. Ескерткіш Құрманғазы - Байсейітова көшесі қиылысына орнатылған. Оны Санкт-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкин жасаған. Ақпарат бойынша, алдағы уақытта Денис Теннің анасының спортшы ұлы жайлы кітабы да басылып шықпақ.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны екі адам пышақтап кеткен. Кейін бұл оқиға бойынша Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаева ұсталған.

17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты - 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG